25 Қар 2020
Страницы KZ КГУ "Комплекс школа-детский сад имени Динмухамеда Конаева"

Мектеп туралы

«Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ-нің тарихы

1933 жылы ауылда тұңғыш рет «Жасталап» бастауыш мектебі ашылып, алғашқы мектеп мұғалімі болып Құранбаев Баттал қызмет атқарды.

1934 жылы ауылдың оңтүстік жағына 3 бөлмелі мектеп салынып, Б.Топанов деген азамат мұғалім болды.

1937-1944 жылдар арлығында Өтегеноа Ислам, Күсемісов Зекен сияқты азаматтар ұстаздық қызмет атқарды.

1944-1954 жылдарда Қ.Аршабаев, ауыл қариясы Шаммұхамбетова Күлтай апа ұстаздық етті.

1950-1951 оқу жылында «Қазақстанның 30 жылдығы» атауы берілді.

 1953 жылы ауылыдың батыс жағына жаңа мектеп салынды. Осы жылы 8 жылдық болып құрылып, алғаш рет 10 оқушы 8-ші сыныпты бітіріп шықты.

1975 жылы ауылдың шығыс жағына 10 сынып кабинеті бар мектеп салынып, ауыл балалары 20 жыл бойы оқып, білім алды. Мектеп жанында малшы, шопан балаларына арналған бюджеттік интернат жұмыс істеді. Ал қазіргі білім мекемесінің ғимараты 1994 жылы пайдалануға беріліп, 1998 жылы орта мектеп болып құрылды.

Мектепке 2006 жылы Қазақстан Республикасы үкіметінің 31-мамырдағы №480 қаулысымен мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі берілді.

2011 жылы желтоқсан айында мектеп ішінен шағын орталық ашылып, 3-5 жас аралығындағы 15 бала қамтылды.

Бала санының азаюына байланысты 2012-2013 оқу жылында негізгі орта мектеп болып қайта құрылды.

2017 жылы 31-мамырда Тарбағатай ауданының әкімдігінің №368 қаулысымен мектеп-балабақша кешені болып қайта құрылып, 10-11 сыныптар ашылды.

 

Жаңалықтар
Пайдалы ақпараттық ресурстар